Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
2022 жылдың 8 тамызында полицияның 102 нөміріне Жамбыл ауданы Қаракемер ауылы маңында "Toyota Land Cruiser Prado" маркалы автокөлігiнiң жол шетiне шығып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына жедел жеткен аудандық полиция қызметкерлерімен тексеру барысында аталған көліктің 58 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол-көлік апатын жасағаны анықталды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақаттарынан көліктің жүргізушісi және 58 бен 57 жастағы жолаушылары оқиға орнында қаза болды.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Көлік айып тұрағына қойылды.