$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде келесі жылдан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен өседі

Сол сияқты сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген

Елімізде келесі жылдан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен өседі
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 135-VII ҚР Заңымен Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ставкалар 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілген. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті. Атап айтқанда, Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 1-тармақшасындағы кестенің 14, 15, 16, 18, 21 және 22-жолдарына өзгерістер енгізілді.

Фильтрі бар сигареттер:

  • 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;
  • 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;
  • 2025 жылы – 15 900 теңге/1000 дана.

Сондай-ақ сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген.

«Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:

  • 2023 жылы – 9 870 теңге/1000 дана;
  • 2024 жылы – 11 130 теңге/1000 дана;
  • 2025 жылы - 11 130 теңге/1000 дана.

Одан бөлек, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілді», - делінген хабарламада.

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артты:

  • 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне;
  • 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне;
  • 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне құрайды.
Серіктес жаңалықтары