Қазақстан инновацияларды дамыту рейтингінде 132 орынның ішінде 79-орынға ие болды
2021 жылға 28,2 мың компанияның тек 3 мыңында ғана инновациялар болды

Инновацияларды дамыту деңгейі бойынша 2021 жылғы рейтингте Қазақстан 132 елдің ішінде 79-орынды иеленді. ҚР индексі 28,6 құрады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ranking.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Инновациялардың даму деңгейі жөніндегі рейтинг әлем елдерінің инновациялық даму көрсеткіштерінің кешені болып саналады. Рейтингті Швейцария, Швеция және АҚШ бастап тұр, ал ең соңында Ангола түйіндеп тұр. ТМД елдерінің арасында рейтингте Қазақстаннан жоғары Ресей, Украина, Беларусь, Молдова және Армения елдері тұрса, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан бізден кейін тұр.
ҚР Ұлттық статистика бюросының зерттеуіне сәйкес, 2021 жылға 28,2 мың компанияның тек 3 мыңында ғана инновациялар болды. Инновациялар саласындағы белсенділік деңгейі 10,5%-ды құрады.
Еліміздегі өңірлік бөліністе инновациялар белсенділігінің ең жоғары деңгейі Нұр-Сұлтан компанияларында байқалды – 13,5%. Көшбасшылар үштігінде Қарағанды (13%) және Ақтөбе (12,5%) облыстары да бар. Инновациялар саласындағы ең төменгі белсенділік Павлодар облысының компанияларында тіркелді, барлығы – 5,2%.
2021 жылы инновациялық өнім көлемі 1,4 трлн теңгені құрады — бір жыл бұрынғыға қарағанда 16,1%-ға аз.
Ең аз инновациялық өнім Маңғыстау облысында шығарылды.