$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлған жергілікті тұрғын ұсталды

Күдікті сирек кездесетін өсімдікті дәрілік шөп ретінде пайдаланбақ болған

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлған жергілікті тұрғын ұсталды
фото: massaget.kz

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сирек кездесетін «Алтын тамыр» өсімдігіне ұқсас шөпті заңсыз теріп алған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жергілікті тұрғын Қазығұрт ауданының шығыс жақ беткейіндегі таудан Қызыл кітапқа енген жойылу қауіпі бар өсімдікті заңсыз теріп алған. Аталған жайт ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша тіркеуге алынды», - деп хабарлады Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді. Күдікті аталған өсімдікті дәрілік шөп ретінде пайдаланатынын айтқан.

Бұл факті бойынша қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптама жасалады.

Серіктес жаңалықтары