02.08.2022, 23:55
Жаңалықтар
Алматы облысында жол апатынан 2 бала мерт болды
Ағашқа соғылған «Mitsubishi Space Wagon» көлігі екіге бөлініп қалған
фото: matritca.kz
Еңбекшіқазақ ауданында Қаракемір-Бәйдібек би тас жолында 30 жастағы әйел көлігімен жол жиегінен шығып кетіп, ағашқа соғылған. Қатты соққыдан автокөлік екіге бөлініп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жол апатынан кәмелет жасқа толмаған 2 бала қаза тапты. Жүргізуші мен 3 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Аталған жол көлік оқиғасы дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
