$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.02.2020, 02:28
Жаңалықтар

Жабық трассаға шыққан жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске жаңа норма енгізілмек

Жабық трассаға шыққан жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер енді ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шыққан жүргізушілер жазалануы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Беккердің айтуынша, бұл мәселені Владимир Божко Төтенше жағдайлар министрі болып тұрған кезінде көтерген. ІІМ бұл мәселені қазір де талқылап жатыр. Жаңа норма Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілмек.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының екі ауданында қардың көптігіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Нормадан артық қар жатқан Ақмола облысында да төтенше жағдай жарияланады деп болжанып отыр. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында да жағдай күрделі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жол #айыппұл