$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.02.2020, 01:55
Жаңалықтар

Армения президенті полицияға азаматтардың телефонын тыңдауға рұқсат берді

Бұрын мұндай мүмкіндік тек Ұлттық қауіпсіздік қызметінде болған

Армения президенті полицияға азаматтардың телефонын тыңдауға рұқсат берді
Фото: ашық дереккөзден

Армения президенті Армен Саркисян «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңға қол қойды. Бұл заң полицияға азаматтардың телефон әңгімелерін тыңдауға рұқсат береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, телефондарды тыңдау, жедел-іздестіру шараларын жүргізу әрекеттерін Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен полиция жүйесіндегі арнайы жедел-техникалық бөлім жүргізе алады. Арнайы органдар бұл шараларды сот рұқсатын алғаннан кейін атқарады. 

Армения парламенті 21 қаңтар күні заң жобасын бекітті. Жобаны 97 депутат қолдаса, 20 депутат қарсы болды. 

Айта кету керек, Арменияда бұрын телефон тыңдауға Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ғана құқығы болды, ал полиция мұндай әрекет үшін қызметтің арнайы рұқсатын алуы керек еді.

Серіктес жаңалықтары