Елімізде 15 ірі құрылыс компаниясы пәтер бағасын негізсіз қымбаттатқан
Олардың арасында белгілі «Базис-А» мен «Bi Group» компаниялары да бар

Елдегі 15 ірі құрылыс компаниясы пәтерлердің бағасын негізсіз 20 пайызға қымбаттатқан. Олардың 14-і әкімшілік жауапкершілікке тартылса, біреуіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өзара келісе отырып, баспана бағасын қымбаттатқан компаниялар арасында белгілі «Базис-А» мен «Bi Group» бар. Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында да бағаны өсірген компаниялар тіркеліп отыр. Елордадағы “Орда Строй Групп” серіктестігі, агенттіктің ескертуіне құлақ аспағандықтан, қазір тергеу жүріп жатыр. Ал қалған құрылысшылар ескертуден кейін баспана бағасын 15-20 пайызға төмендеткен.