$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелге заңсыз ақша шығарған 56 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қаржының көп бөлігі Қытайға аударылған

Шетелге заңсыз ақша шығарған 56 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото ашық дереккөзден

Қомақты қаражатты заңсыз шетел асырған 56 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар 440 млрд теңгені елден шығарған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржының көп бөлігі Қытайға аударылған. 12 млрд теңге қосымша салығы тағы бар. Бүгінде 29 іс жүргізіліп, 270 млрд теңгеден астам сомадағы операциялар жасалғаны анықталды. Капиталды қайтару бойынша Үкімет құрған комиссия жұмыс істеп жатыр. Салық органы 2019-2021 жылдар аралығында активтердің сыртқа шығуына талдау жасаған. Қорытындысын қаржылық мониторинг агенттігіне өткізді.

 «56 тұлғаның ішінде 50 тұлғасына алаяқтық фактісі бойынша, ал қалған 6 жеке тұлғаға қатысты репотрация, яғни ақшаны аударады шет елге, бірақ тауар алмаған деген күдікпен материалдардың барлығы тиісті құқық қорғау органдарына берілді», - деді ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.

Серіктес жаңалықтары