$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ДДСҰ маймыл шешек вирусының таралуына байланысты шұғыл жиын өткізбек

Жыл басынан бері маймыл шешек вирусын жұқтырған 72 адам қайтыс болды

ДДСҰ маймыл шешек вирусының таралуына байланысты шұғыл жиын өткізбек
© ЮНИСЕФ/Пьеро Помпони

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиналыс өткізіп, адамдар арасында таралған маймыл шешек вирусының халықаралық мәнге ие қоғамдық денсаулыққа қаншалықты қауіп төндіретінін талқыламақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ДДСҰ мәліметінше, жыл басынан бері маймыл шешек вирусын 1,6 мың адамның жұқтырғаны нақтыланды, тағы 1,5 мың адам жұқтыруы мүмкін деген болжам бар. Ауру жұқтырған 72 адам қайтыс болды.

«Жалпы, вирус 39 елде анықталып отыр. Вирус алғаш рет 1958 жылы маймылдан, 1970 жылы адамнан табылған», - делінген ДДСҰ хабарламасында.

Айта кетсек, маймыл шешек – Орталық және Батыс Африканың шалғай аудандарында таралатын сирек жұқпалы ауру. Оның белгілері: жүрек айнуы, дене қызуы, бөртпе, қышу және бұлшықет ауруы.

Тақырыпқа орай: Желшешекпен ауырғандардың маймыл шешекке қарсы иммунитеті болмайды

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдар арасында маймыл шешек вирусының таралуы бойынша жағдайдың пандемиялық деңгейге жетпейтінін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары