$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы кейбір жылу электр орталықтарының 95%-ы тозған

Бұл туралы энергетика министрлігінде хабарлады

Қазақстандағы кейбір жылу электр орталықтарының 95%-ы тозған
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда кейбір жылу электр орталықтарының тозу деңгейі 95%-ға жетеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy LS агенттігіне сілтеме жасап. 

Министрлiктiң мәліметінше, елдегі тозудың орташа деңгейі шамамен 66%-ға жеткен.

Сонымен қатар Арқалық Отын-энергетика кешенінде бұл көрсеткіш 95,4%-ды, ал "Жайықжылуэнерго" – 95,3%-ды құрайды. "ТаразЭнергоОрталық " –  92%," Кентау сервис" –  88%.

Министрлiктiң мәліметінше, жаңғырту ауқымын анықтау үшін 2023 жылға дейін аяқталатын энергия көздеріне камералдық-техникалық аудит жүргізу қажет. Электр станцияларын тексеру 2023 жылдан 2024 жылға дейін жоспарланып отыр.

2023-2027 жылдар аралығында іске қосыла отырып, ЖЭО-ның негізгі және қосалқы жабдықтарын жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және жаңарту жөніндегі жобаларды іске асыруға инвестициялық келісімдер жасалды. Бұл Атырау, Риддер, Ақтөбе, Қызылорда, Петропавл, Өскемен, Қарағанды және Степногорск қалаларына қатысты.

Оның ішінде Петропавл 2-ЖЭО жөндеу жұмыстары 17,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Көкшетау ЖЭО құрылысы үшін тендер өткізілуде. Қызылорда ЖЭО-да қуаттылығы 240 МВт болатын жаңа бу-газ қондырғысын салу жоспарлануда. Кентау ЖЭО-5 жөндеуге (1952 жылдан бастап пайдалануда) қаржыландыруды ұлғайту мәселесі көтерілді. Аталған ЖЭО жабдықтарының тозуы 100%-ға жетті. Бұл ретте жөндеу жұмыстарына қажет 3,2 млрд теңгеден 757 млн теңге бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы жылу энергетикасын дамытуға шамамен 32 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары