Бүгінгі ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Azattyq Rýhy

Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады

Бүгінгі ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Фото: novoetv.kz

Синоптиктер 15 маусым, яғни сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«ҚР территориясының басым бөлігі әлі де циклонның және атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойап, жаңбыр жауады. Сонымен быірге бұршақ жауып, дауыл соғады, еліміздің оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болып, түнде солтүстікте, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді.

Таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жел 15-25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ, дауыл болып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-23 м/с жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде бұршақ, дауыл болып, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел 15-23 м/с жетеді.

Түнде Қостанай облысының солтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл соғып, жел 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық болуы мүмкін.

Қызылорда облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.                                                                                                                                         

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.