Тергеу изоляторларында 5 мыңнан астам азамат референдумда дауыс береді
16 тергеу изоляторында дауыс беру орны жабдықталған

Тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам азамат референдумда дауыс береді. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес тергеу изоляторларында ұсталатын үкімі заңды күшіне енбеген азаматтар белсенді сайлау құқығына ие», - деп түсіндірді ведомствода.
ҚАЖК өкілдерінің айтуынша, дауыс беруге дайындық кезеңінде тергеу изоляторларының әкімшілігі республикалық референдумға шығарылатын түзетулер туралы ақпараттық жұмыс жүргізілді.
Сайлау процесі өтіп жатқан үй-жайларда тиісті бақылау, күзет және тиісті қадағалау қамтамасыз етілді.
Конституцияға енгізілген түзетулер үшін дауыс беруге Республиканың тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам азамат қатыса алады.