$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Референдум: қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс берді

Республика бойынша бас-аяғы 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді

Референдум: қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс берді
Фото: Батыр-Жан Беспаев

Республика бойынша сағат 14:00-дегі жағдайға сәйкес референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілді деп саналады. Осылайша, аумақтық референдум комиссия дерегіне сәйкес заңмен белгіленген келушіге қол жеткізіліп отыр», - дейді Анастасия Щегорцова.

Айта кетерлігі, референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған.

Республика бойынша бас-аяғы 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.

Серіктес жаңалықтары