$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халық өзгерістің боларына үмітпен қарайды – Ерік Жолжақсынов

Оның айтуынша, референдумға халықтың белсенді түрде қатысуы аса маңызды

Халық өзгерістің боларына үмітпен қарайды – Ерік Жолжақсынов
Фото: qazaqstan.tv

Халық Жаңа Қазақстан ашық, әділ, шынайы болады деп үміттенеді. Бұл туралы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Онда «өзгерістерді қолдайсыз ба?» деген сауал болды. Әрине қолдаймын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанға аяқ басуымыз керек екенін айтты. Ол үшін алдымен өзгеріс орнауы керек. Саяси жүйе бәз-баяғы қалпында қалмауы тиіс.

Мемлекет басшысы дипломат болғандықтан, «елдестіру елшіден» демекші, ол кісінің айтқанына сеніммен қараймыз. Халық өзгерістің болатынына үмітпен қарайды, Жаңа Қазақстан ашық, әділ, шынайы болады деп үміттенеді. Өзгеріс алдымен мемлекеттің болашағы, елдің тұтастығы үшін керек. Аспаннан түскен ешнәрсе жоқ. Елде реформа болады деген соң, осындай саяси іс-шара ұйымдастырылып жатыр», - деді Е. Жолжақсынов.

Оның айтуынша, референдумға халықтың белсенді түрде қатысуы аса маңызды.

«Өздері шеше салар» деген немқұрайдылықты қоятын уақыт келді. Халық өз көңіліндегісін, ойындағысын айтуы тиіс. Қазақстандағы «мен қазақпын» дегеннің бәрі елдің ішінде болып жатқан дүниенің бәрін біледі, саралай алады», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.

Серіктес жаңалықтары