Референдум: Зайсан ауданында 100-сайлаушыға естелік сыйлық табыс етілді

Azattyq Rýhy

Шығыс Қазақстан облысында дауыс берушілер саны айрықша көп екені байқалады

 

Референдум: Зайсан ауданында 100-сайлаушыға естелік сыйлық табыс етілді

Жаңбыр мен желге, ауа райының құбылмалы мінезіне қарамастан, шығысқазақстандықтар референдумға асығып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Дауыс беру таңы елдің шығысында бұлтты болды. ШҚО-ның жекелеген елдімекендерінде жаңбыр жауды. Алайда қолайсыз ауа райы учаскелердегі сайлаушылардың белсенділігіне кері әсер еткен жоқ.

«Ұсынылған түзетулер-логикалық негізделген қадам. Біз еліміздің болашағына сенеміз, Қазақстанға бейбітшілік пен гүлдену тілейміз және әркім өзінің дауыс беру құқығын пайдаланады деп ойлаймыз», - дейді Көкпекті ауданының сайлаушысы Мейірлі Садықова.

Ал Зайсан ауданында 100-сайлаушыға естелік сыйлық табыс етілді.

«Мен Қазақстанның гүлденуі үшін өз таңдауымды жасадым. Бүгін таңертең дауыс беруге келдім. Бірақ қазірдің өзінде жүзінші сайлаушы болдым. Бұл референдумдағы үлкен белсенділікті көрсетеді», - деп есептейді зейнеткер Гүлжамал Әжікова.

Сонымен қатар жексенбі күні таңертең облыс орталығының сайлау учаскелерінде жауын-шашынға қарамастан өте белсенді болды. Тұрғындар референдумның учаскелерінде ұзын-сонар кезек пайда болды.

«Мен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студентімін. Бүгін өмірімде алғаш рет дауыс беруге қатысудамын. Өз дауысымды беру – мен үшін азаматтық ұстанымның көрінісі», - дейді студент Балжан Оралбек.

 

«Бүгін мен референдумға өз дауысымды беру үшін келдім. Бұл – менің ересек өмірімдегі алғашқы қадамым. Еліміз үшін осы маңызды оқиғаға қатысқаныма қуаныштымын», - дейді Глубокое ауданының тұрғыны Екатерина Тютенькова.

Балжан мен Екатерина сияқты көптеген қазақстандық референдумды 27 жыл бұрын өткізілгелі бері алғаш рет көріп отыр.

Айта кетейік, бүгін де референдумның 1995 жылдағыдай Конституция мәселесі бойынша өткізілуінің символдық мәні бар.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.