Орал қаласында жас жігіт көпірден секіріп кетті

Azattyq Rýhy

Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде

Орал қаласында жас жігіт көпірден секіріп кетті
Фото ашық дереккөзден

Орал қаласында жас жігіт көпірден секіріп кетті. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, оқиға 31 мамыр күні кешкісін «Динамо» спорт базасы маңындағы Шаған өзенінен өтетін көпірде болған. Сағат 20.39-да шақырту түскен.

 «Көпірден секіріп кеткен 23 жастағы жігіт жағаға қарай жүзіп келе жатқан. Оған шұғыл жеткен полиция қызметкерлері көмектесіп, шамамен сағат 20.59-да жағаға шығарып алған. Денесі тоңазыған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», деді Б.Нұрғожин.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің нақтылауынша, аталған тұрғын облыстық ауруханаға жеткізілген.

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.