Маңғыстау облысында жылу электр орталығынан өрт шықты

Azattyq Rýhy

Зардап шеккен ешкім жоқ

Маңғыстау облысында жылу электр орталығынан өрт шықты
Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында жылу электр орталығынан өрт шықты, Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметіне қарағанда 31 мамыр күні кешкі сағат 21.42 шамасында құтқару қызметіне шұғыл хабар түскен. Онда Ақтау қаласынан 7 шақырым қашықтықта «МАЭК ҚазАтомӨнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында үшінші жылу электр орталығындағы беті ашық тарату құрылғысынан өрт шыққаны хабарланған. Қызыл жалын 600 шаршы метр аумаққа жайылған. Зардап шеккен ешкім жоқ.

«Бұл оқыс жағдай өңірді электр энергиясымен қамтамасыз етуге еш әсер етпейді. Кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр» деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 15 қызметкері мен 6 техникасы, кәсіпорынның өзінен - 4 адам, полициядан тағы 4 қызметкер жұмылдырылған.

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.