Баспанасы өртенген  алматылықтар далада тентіреп қалған

Azattyq Rýhy

Қазір мамандар төтенше жағдайға не себеп болғаны анықталып жатыр

Баспанасы өртенген  алматылықтар далада тентіреп қалған
Фото ашық дереккөзден

Үш ай бұрын  баспаналары жанып кеткен алматылықтар содан бері туыстарын жағалап жүр. Өрт қауіпсіздік шарасын сақтамаған бірінші қабаттағы дүкеннен шықты дейді тұрғындар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Енді осы сауда нүктесі өз бетінше жөндеу жасап, жақын күндері қайта ашылуға дайындалып жатыр. Ал бар дүние-мүлкінен айрылған жұрт шығынды қалай өтерін білмей дал.

Өрттен жапа шеккендер үш айдан бері туыстарын жағалап жүрсе, шамасы келгендер пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Төменгі қабаттағы кәсіпкердің кесірі тиді деген жұрт оның кінәсін дәлелдеп, шығынды өндіре алмай жүр.

«Мына дүкеннің ішінде мұздатқышы бар, ойын автоматтары бар. Оған қандай кернеу керек. Оған жеке бір электр өнімін беретін нәрсе керек. Ал олар оны есептемейді. Ар жағында шаштаразы бар. Олардың барлығы жанағы жерден тоқ алады. Тоқ алғанда қай сым шыдайды. Ешқайсысы шыдамайды», - деді Алматы қаласының тұрғыны Талғат Шолпанбаев.

 Сосын осы жерден өрт шығып, сондай жағдай болған. Ал саудагер көкөніс сататын дүкенін жөндеп болып, түк болмағандай қайта ашылуға дайындалып жатыр дейді.

Қазір мамандар сараптама тағайындап төтенше жағдайға не себеп болғанын анықтап жатыр. Отқа оранған көпқабатты үйді кім қалпына келтіретіні қорытынды шыққасын ғана белгілі болмақ.

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.