$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сенатта Халықтың табысын арттыру бағдарламасы таныстырылды

Бағдарламаны іске асыруға мүдделі тараптардың тікелей қатысуына негізделген халықаралық тәжірибе қолданылған

Сенатта Халықтың табысын арттыру бағдарламасы таныстырылды
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Сенатқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес әзірленген Халықтың табысын арттыру бағдарламасы ұсынды.

Бағдарламада азаматтардың кірісін көтеру бойынша нақты шаралар қарастырылған. Оның ішінде Ұлттық жобаларда көзделген міндеттер топтастырылған.

Бағдарламаны іске асыруға мүдделі тараптардың тікелей қатысуына негізделген халықаралық тәжірибе қолданылған.

Сондықтан елге белгілі сарапшылар құжаттың жекелеген бағыттарына жетекшілік етеді.

Бұған дейін Сенат Үкіметке нақтыланған бюджетті қарау кезінде шет елдердің кедейлікпен күрес тәжірибесіне назар аударуды ұсынған.

“Біз халықаралық практикаға егжей-тегжейлі зерттеу жүргізіп, талдау жасадық.

Қытайда ауылдық жерлерде табысты, ауыл шаруашылығы тауарларының өнімділігін арттыру үшін ирригациялық инфрақұрылымды жақсарту сияқты шаралар қабылданған.Кедейлікпен күрестің еуропалық моделі негізінен сақтандыру жүйесін дамытуға бағытталған. Адам неғұрлым ұзақ жұмыс істесе, оның әлеуметтік қорғау деңгейі соғұрлым жоғары болады (жәрдемақы мөлшері артады). Бұл модель Германия, Нидерланды, Франция сияқты елдерге тән.

Ал Оңтүстік Еуропа елдерінде бюджеттен әлеуметтік жеңілдіктер мен субсидиялар шектелген мөлшерде беріледі”, - деді Ералы Тоғжанов.

Бұл ретте Премьер-министрдің орынбасары бағдарламаның маңызды бөлігі жаңа экономикалық өсуге арналғанын атап өтті. Бұл бағыт Азаматтардың жұмысқа орналасуына жағдайлар жасау, сондай-ақ жаңа дағдылар мен кәсіпке баулитын жанама шаралардан құралған.

“Ал, тікелей шараларға келсек: 1,1 млннан аса жұмыскердің еңбекақысын арттыру көзделген. Оның ішінде: Бюджет саласының 850 мыңнан аса қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақысы ұлғайтылады. Дәрігерлердің жалақысы 320 мыңнан 531 мың теңгеге дейін, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 173,5 мыңнан 250 мың теңгеге дейін өседі. Сондай-ақ, осы жылдың сәуірінен бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» компаниялар тобының 258 мың өндірістік персоналының жалақысы 5-тен 48%-ға дейін көтерілді. Бұл ретте жалақысы төмен лауазымдарға басымдық берілді. Айталық, «Казпочта» жүйесіндегі жүргізуші-курьердің жалақасы 144 мың теңгеден 237 мың теңге дейін өсті”, - деді Тоғжанов.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысының орынбксары мемлекеттен қолдау шараларын алатын ірі бизнеске қатысты міндеттемелерді белгілеу есебінен, онда істейтін 2,8 млн қызметкердің орташа жалақысы өскенін мәлімдеді.

Ал экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 2025 жылға дейін 2 млн-нан астам жаңа жұмыс орны құрылмақ.

“Азаматтардың кәсіпкерліктен түсетін табысын арттыру мақсатында елімізде 50-ден аса ірі кәсіпорындар айналасында Шағын және орта бизнес белдеуін құру көзделген. Оның бір көрінісі ретінде, Қызылорда облысындағы шыны зауыты айналасында 8 шағын зауыттан тұратын шағын және орта кәсіпкерлік белдеуін қалыптастырады”, - деді өз сөзінде Тоғжанов.

Серіктес жаңалықтары