$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан азық-түлік саласында импорттық тәуелділіктен қашан айырылады

2025 жылға дейін 450 мыңнан аса жұмыс орнын құру жоспарланған

Қазақстан азық-түлік саласында импорттық тәуелділіктен қашан айырылады

2025 жылға дейін халықтың сатып алу қабілетін қорғау мақсатында қанттан басқа азық-түлік тауарлары бойынша 100% импортты алмастыру шаралары іске асырылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Парламенттің жоғары палатасының жалпы отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл бастама ірі 87 сүт-тауар фермасын, 14 ет комбинатын, 17 құс фабрикасын іске қосу және бас-аяғы 6,6 мың гектар аумақты алатын бақтар мен бір қант зауытын (Павлодар) салу арқылы жүзеге асырылады.

«Сонымен қатар бақша, сүт, бал өнімдерін өндіретін 9 мыңнан аса отбасылық қосалқы шаруашылықты біріктіретін 280 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланып отыр. Жалпы жоғарыда атап өткенімдей 2025 жылға дейін 450 мыңнан аса жұмыс орнын құру жоспарланған. Осыған байланысты агроөнеркәсіп саласын дамыту «Ауыл аманаты» жобасы аясында іске асырылады», - деді Тоғжанов.

Сонымен қатар бағдарламада халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарының тұрақты табысын қалыптастыру бойынша кешенді шаралар қамтылған.

«Атап айтқанда көпбалалы, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға үй жағдайында табыс табуға жағдай жасау көзделіп отыр. Жоба аясында әйелдер еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстан өтіп, өз ісін ашу бойынша тегін консультациялар алады. Нәтижесінде жыл сайын 20 мың әйелді жұмыспен қамту жоспарланып отыр», - деп нақтылады Ералы Тоғжанов.

2025 жылға қарай жұмысқа жарамды мүгедектігі бар адамдардың кемінде 30%-ын жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Ералы Тоғжанов өз сөзінде бүгінде табысты арттырудың жаңа әрі әлеуетті бағытының бірі креативті индустрия саласы екенін алға тартты.

«Креативті индустрияны дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Біріншіден, елімізде 3 мыңға жуық мәдениет ұйымы бар. Ең алдымен осы ұйымдар креативті идеялар үшін ашықтығын қамтамасыз етеміз.

Екіншіден, мәдениет ұйымдарындағы құрал, жабдықтар қолдана отырып жаңа креативті өнім шығаруға ниетті азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Үшіншіден, қазір мәдениет ұйымдарының мүлкін пайда табу мақсатында тиімді пайдалану механизмдерін реттейтін заң жобасы әзірленіп отыр. Ал түскен табыс сол ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтауға және қызметкерлердің жалақысын арттыруға жұмсалуы қамтамасыз етіледі. Бұл – мәдениет ұйымдарын экономикалық айналымға енгізудің мүмкіндігі. Сонымен қатар авторлық құқықты қорғау механизмдеріне қатысты бірқатар мәселелер де бар», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары