Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Осыған сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Жамбылдық полицейлер екі күн ішінде төрт қару, граната және 40 патрон тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында төрт қару, екі граната, патрон, электрошокер, пышақ тауып, тәркіледі.
Табылған қарулар арасында оқжатары бар Калашников автоматы, ТОЗ-БМ екі ұңғылы аңшылық мылтығы, EKOL Special 99 травматикалық тапаншасы, Макаровтың тапаншасының оқжатары, ГСЗ екі граната, ЭШУ-200 екі электршокері, пышақ, 9 мм калибрлі 40 патрон, бос калибрі 16 мм гильзалар табылды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.