«Халықтың денсаулығы үшін жасалған қадам»: министр темекі өніміне салық өсетінін айтты
Министрдің айтуынша 2024 жылы темекіге акциз кемінде 28 евро деңгейінде белгіленуі тиіс
Енді Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында темекі өнімдеріне арналған акциздердің мөлшерлемесін арттырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың Мәжілістегі баяндамасында 2024 жылы темекіге акциз кемінде 28 евро деңгейінде белгіленуі тиіс екені айтылды.
«Міндеттемелерді орындау үшін темекіге акциздер кезең-кезеңімен арттыру ұсынылады. Сонымен қатар темекі өнімдерінің басқа түрлері бойынша, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерге акциздерді кезең-кезеңімен ұлғайту ұсынылады.
Айта кетерлігі, Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық жобада қыздырылатын темекісі бар өнімдерге акцизді көтеру мәселесі қаралған. Осы ретте кәдімгі темекі мен қыздырылатын темекісі бар өнімдердің салығы теңестіріледі. Алдағы уақытта тағы да салық мөлшерлемесін арттыруды талқылап жатырмыз», - дейді Қуантыров.