$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда электронды темекі сатуға тыйым салу керек – Мәжіліс депутаты

Еділ Жаңбыршин соңғы уақытта жастардың вейпингті қолдануы әдетке айналғанын айтты

Қазақстанда электронды темекі сатуға тыйым салу керек – Мәжіліс депутаты
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс отырысында темекі өнімдері оның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерге акциздерді кезең-кезеңімен ұлғайту ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин соңғы уақытта жастардың вейпингті қолдануы әдетке айналғанын айтты.

«Бұған дейін темекіні үлкен азаматтар жиі қолданатын. Қазір вейпингті (электронды темекі құралы) мектеп оқушылары қызық көріп, қолданып жүр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл құрылғының қаншалықты зиян екенін айтып, дабыл қағып жатыр. Мысалы, фиброз, мутагендік және онкологгиялық аурулар санының артуына алып келеді. Бұған қоса, вейпинг жас организмге қатты әсер етеді екен. Біз тек салықты арттырып, экономиканы күшейту үшін ғана емес, жас ұрпақтың денсаулығын да ойлауымыз керек. Бұл жағдай кейін әлеуметтік мәселелердің қордаланып қалуына кері ықпал етеді. Аталған мәселені жан-жақты қарау керек. Тіпті, арнайы зерттеу жүргізіп, қажет болса электронды темекіні сатуға біздің елде тыйым салу керек», - дейді депутат.

Серіктес жаңалықтары