$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық IT- стартаптар Түркияның венчурлық қорларына таныстырылды

Қазақстан - Түркия бірлескен венчурлық қоры құрылуы мүмкін

Қазақстандық IT- стартаптар Түркияның венчурлық қорларына  таныстырылды
фото: strategy2050.kz

Отандық IT-жобалар өз шешімдерін түркиялық венчурлық қорлардың назарына ұсынды. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Азаттық рухы.

«Түркияда министрлік өкілдерімен ғана емес, Bilişim Vadisi компаниясында да жемісті кездесу өткіздік. Bilişim Vadisi - бұл 3 миллион шаршы метрді құрайтын технопарк, онда түрік әріптестер өздерінің IT-жобаларын көрсетті, ал біздің стартаптар түрік әріптестеріміздің және венчурлік қорлар өкілдерінің назарына ұсынылды», деп жазды министр парақшасында.

Енді отандық стартаптардың түрік питч-сессияларына және акселерация бағдарламасына қатысуға мүмкіндік туды.

Сапар аясында қазақ-түрік стартаптарын дамыту мақсатында Қазақстан мен Түркияның бірлескен венчурлық қорын құру мәселесі де талқыланды.

Серіктес жаңалықтары