Павлодар облысында ауыл тұрғындары сапалы ауыз судан тарығып отыр
Набережное ауылында 2 айдан бері орталықтандырылған су жүйесі бірнеше сағатқа ғана қосылады

Набережное ауылының тұрғындары жиі сусыз отыруға мәжбүр. Мәселе бірнеше ай бұрын басталған. Бірнеше сағатқа ғана берілетіндіктен суды жан-жақтан тасуға мәжбүр. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ирбис телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Бүгін таңертең суды қосты. Кеше түні бойы, күндіз де су болмады. Бүгін таңертең қосты да кешкі 7-ге дейін деді. Сағат жетіде тағы да өшіріп тастайды. Оператор жоқ. Ертістен су тасимыз»,- дейді Набережное ауылының тұрғыны Сәуле Буланова.
Бұл ауылда су станциясы 2019 жылы салынған. Жергілікті әкімнің айтуынша су тапшылығы жоқ, мәселе тек жұмысшылардың жетіспеушілігінде. Мердігер жалақы мәселесін де шешкен. Алайда жергілікті тұрғындардың мұнда жұмыс істегілері келмейді. Сондықтан операторларды басқа ауылдардан әкелуге мәжбүр.
«Жергілікті тұрғындардан ешкім барғысы келмейді. Шаруа қожалықтарындағы жалақы қазір жақсы. Жұмыссыздар жоқ деп айтуға болады. 10 тәулікке 68 мың теңгені аз деп есептейді. Мәселе мұнда емес. Мұнда жұмыс істегісі келетіндер жоқ»,- дейді Григорьевка ауылдық округінің әкімі Виталий Бруцкий.
Жауаптылар мәселе жақын арада шешімін табатынына сендірді.
«Қазір біз бұл мәселені шешудеміз. Басқа ауылдардағы сорғы станцияларынан күнде операторларды әкелеміз. Олар өз жұмыстарын істейді. Сумен мәселе бар. Дегенмен кесте бойынша суды қосамыз. Адамдарды сусыз қалдырып жатқан жоқпыз»,- Станислав Асонков.