29.04.2022, 14:41
Жаңалықтар
Қазақстандық оқушылардың жазғы демалысы қашан басталады
Мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады
Фото: tlum.ru
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021-2022 оқу жылын аяқтау мерзімдерін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Еліміздің мектептерінде оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойдым. Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды. Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады», - деп хабарлады БҒМ басшысы.
Асхат Аймағамбетов 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізілетінін мәлімдеді.
Ал мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
Бұйрықтың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды