Қаңтар оқиғасы: 158 адам ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді

Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді

Қаңтар оқиғасы: 158 адам ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді
Видеодан кадр

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді ескермегенде, 1 260 қылмыстық іс бар. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тергеу департаментінің басшысы аталған істер бойынша 158 адамның қамауда отырғанын жеткізді.

«Ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген адамдардың кінәсі негізінен, қылмыс жасалған орындардан алынған бейнежазбалармен, куәлар мен көзбен көргендердің көрсетпелерімен, сондай-ақ алынған заттай дәлелдемелермен дәлелденеді. Жақын арада қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде және прокурорлардың келісуімен осы қылмыстық істер бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданатын болады», - деді Санжар Әділов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.