ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Australian Open: Зарина Дияс та ІІІ айналымға шықты

Заринаның келесі қарсыласы - WTA рейтингінде 10 орында тұрған Кики Бертенс болуы мүмкін

фото: eurosport.com

Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2020 турнирінде қазақстандық теннисші Зарина Дияс екінші айналымда да жеңіске жетіп, ресейлік Анна Блинковадан (4-6, 6-3, 6-4) басым түсті. Анна Блинкова дәл қазіргі уақытта WTA рейтингінде 58 орында. Ал, Зарина Дияс әлемдік рейтингте 73 орында.

Екі спортшы соңғы бір ай ішінде осымен екінші мәрте кездесті. Бұған дейін Шэньчжэнь қаласында өткен WTA турнирінде де қазақстандық спортшы ресейлік әріптесінен 4-1 есебімен басым түскен.

Зарина Диястың үшінші кезеңдегі қарсыласы әлі анықталған жоқ. Оның келесі қарсыласы Кики Бертенс (Нидерланды) пен Арина Родионова (Аустралия) арасындағы бүгін өтетін кездесуден соң белгілі болады. Кики Бертенс WTA рейтингінде 10 орында, ал Арина Родионова 163 орында.

Кеше қазақстандық Елена Рыбакина да үшінші айналымға шықты. Еленаның үшінші айналымдағы қарсыласы – әлемнің бірінші ракеткасы Эшли Барти. Рыбакина мен Барти арасындағы кездесу 24 қаңтарда өтеді.

Сондай-ақ бүгін үшінші айналымға шығу үшін Юлия Путинцева америкалық спортшы Даниэль Коллинзге қарсы өнер көрсетеді.