$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.01.2020, 11:30
Жаңалықтар

Аудандық сот төрағасы пара алып жатқан жерінен ұсталды

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр 

Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды.

«Ол делдал – сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

2020 жылғы 22 қаңтарда Бас прокурордың қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім алынды.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Серіктес жаңалықтары