$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасы: 1 491 ШОБ субъектісі жалпы сомасы 8,3 млрд теңге көлемінде төлем алды

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды

Қаңтар оқиғасы: 1 491 ШОБ субъектісі жалпы сомасы 8,3 млрд теңге көлемінде төлем алды
Фото: Zakon.kz

2015 жылдан бастап ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерлік (ШОБ) үлесі 7,9%-ға артып, 34,7%-ға жетті. Шағын және орта кәсіпкерлік өнімдерін шығару екі есеге жуық артып, номиналды мәнде 29,7 трлн теңгеге жетті. Жұмыс істеп тұрған ШОК-тың жалпы саны 15,2%-ға артып, 1,4 млн субъектіні құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШОБ-та жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 10,6%-ға артып, 3,5 млн адам болды. Қазіргі кезде Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ШОК-ты қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары ұсынылады.

«2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдарын қаржыландыру 57%-ға артып, 3,4 трлн теңгені құрады. Бүгінде қаңтар оқиғаларының нәтижесінде алдын ала деректер бойынша 1 630 ШОБ субъектісі зардап шекті, оларға шамамен 38,6 млрд теңге сомасына залал келтірілді. Қазіргі уақытта 1 491 ШОБ субъектісі жалпы сомасы 8,3 млрд теңге көлемінде төлем алды», - деді Тимур Жақсылықов.

2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа Реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.

Осылайша, бизнеске арналған талаптарды қайта қарау бойынша жұмыс екі кезеңде жүргізілмек.

«1-кезең – 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында сауда қызметі, көлік, ауыл шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыру және тұру қызметтері салалары болып саналатын төрт басым салада реттеушілік талаптарды қайта қарауды қамтамасыз ету жоспарлануда. 2-кезең – 2022 жылдың екінші жартыжылдығында және 2023 жылы денсаулық сақтау, құрылыс, өнеркәсіп және басқа да салалардағы бизнеске қойылатын талаптарды қайта қарау қамтамасыз етіледі», - деді Жақсылықов өз баяндамасында.

Серіктес жаңалықтары