19.04.2022, 10:25
Жаңалықтар
Қазақстан қор нарығында доллар бағамы тағы құлдырады
Доллардың орташа бағамы шамамен 10 теңгеге төмендеді
Фото: biss.kz
Бүгін қор нарығында доллар бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.
19 сәуір күнгі таңғы уақыт бойынша доллардың орташа бағамы шамамен 10 теңгеге төмендеп, 449,30 теңгені құрады.
Kurs.kz хабарлағандай, Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар шамамен 442-444 теңгеден сатып алынып, 449-450 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі таңда Алматы қаласында доллар 450 теңгеге сатылып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанда 449 теңгеге түсті. Шымкентте 450 теңгеден сатылып жатыр.
«Көк қағаз» құны сондай-ақ Талдықорған мен Риддерде 452 теңгеден, Ақтөбеде – 449, Қостанайда 449,5 теңгеден сатылып жатыр.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды