19.04.2022, 09:57
Жаңалықтар
«Белавиа» әуе компаниясы Қазақстанға ұшатын рейстер санын көбейтті
Екі ел арасында аптасына 14 рейс орындалады
Фото: toursoyuz.by
29 сәуірден бастап Беларусьтің «Белавиа» авиакомпаниясы Минскіден Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ұшатын халықаралық рейстердің санын арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Минск – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын рейстер санын аптасына 5-тен 7-ге дейін, Минск – Алматы бағытында аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыру жоспарлануда. Осылайша, екі ел арасында EMB190, EMB 170, Boeing 737 әуе кемелерінде аптасына 14 рейс орындалады», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз хабарламасында.
Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді