$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сейсенбі күні ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

 
Сейсенбі күні ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Фото: ic24.kz

Синоптиктер 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР-ның басым бөлігінде көбінесе жаңбыр түріндегі жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады. Тек республиканың батыс аудандарында жауын-шашынсыз ауа-райы болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с күшейеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде жел 18 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Маңғыстау облысының батысында, орталығында, Ақмола, Қостанай облыстарының түнде оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, жел 17-22 м/с, Алакөл көлдерінің ауданында екпіні 25 м/с күшейеді.

Серіктес жаңалықтары