$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада тергеу изоляторына телефонды жасырып кіргізбек болған ер адам ұсталды

NOKIA ұялы телефоны бәліштің ішінен табылған

Елордада тергеу изоляторына телефонды жасырып кіргізбек болған ер адам ұсталды
фото ашық дереккөзден

Елорданың тергеу изоляторына бәліштің ішіне телефон жасырып кірмек болған ер адам ұсталды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ішкі істер органдарының Медиа орталығына сілтеме жасап.

«К.есімді азамат ЕЦ-166/1 мекемесінің тергеу изоляторына қамаққа алынған адамға сәлем- сауқат алып келген. Мекеме қызметкерлері әкелген заттарды тексеру барысында бәліштің ішіне жасырылған NOKIA ұялы телефоны тапты», деп көрсетті баспасөз қызметі.

 Аталған дерек бойынша азаматтан түсініктеме алынды. Оның айтуынша, бәліштерді қамаудағы азаматтың таныстары жеткізіп беруін сұраған және оның ішінде тыйым салынған заттардың бар екенін білмеген.

Ұялы телефонды анықтау және тәркілеу деректері бойынша ҚР АҚК-нің 481-бабына сәйкес іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары