10.04.2022, 12:18
Жаңалықтар
Семейде мамонттың тісі табылды
Өлкетанушылар тісті «Мамонттар қорымы» деп аталатын жерден тапқан
фото ашық дереккөзден
Семей өлкетанушылары Ертіс өзенінің жағасынан мамонт тісін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының мүшелері Қасиетті бұлақ және Ертіс өзенінің бойына, нақтырақ айтатын болсақ «мамонттар қорымы» деп аталатын жерге кезекті экспедицияға барды.
Өлкетанушылар құмда шығып тұрған мамонт тісін тапты.
«Егер тіс болса, яғни ол жерде мамонттің сойдақ тістері және бас сүйегі бар. Бірақ бұл тұтас тіс емес, тістің фрагменті ғана. Нақтырақ айтатын болсақ, бұл азу тіс. Түріне қарасаң, тіс кішкентай, бұл жас мамонттың тісі болуы мүмкін», – деді «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының төрағасы Марат Сасанов.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
