$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында департаменттің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді

Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Түркістан облысында департаменттің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау Департаментінің лауазымды тұлғасына қатысты делдалдар арқылы жүйелі негізде медициналық қызметке лицензия бергені үшін жеке медициналық орталықтардың өкілдерінен 800 мың теңге сомасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген ведомство хабарламасында.

Күдіктілер ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары