Қазақстан Ресей Федерациясынан соңғы 3 жылда 7,8 млрд теңгеге аусылға қарсы вакцина сатып алған
Мал ауруларына қарсы салынатын вакцинар туралы Үкімет сағатында айтылды
Соңғы үш жылда 22,1 млрд теңгеге ветеринариялық препараттар сатып алынды, оның 44,7% пайызы отандық өнімге тиесілі. Мал ауруларына қарсы салынатын вакцинар туралы бүгінгі Үкімет сағатында айтылды.
Жиында қосымша баяндама жасаған ҚР Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаевтың айтуынша, тек соңғы 3 жылдың ішінде Қазақстан Ресей Федерациясынан 7,8 млрд теңгеге аусылға қарсы вакциналардың 110,5 млн дозасын сатып алған.
«Бұл барлық сатып алынған вакциналардың 35% пайызын құрайды. Ірі қара малдың нодулярлық дерматитіне қарсы вакцинаның құны 2019 жылмен салыстырғанда 43,5% пайызға артып, 9,0 млн доза 2,1 млрд теңгені құрады», - деді ол.
Осыған байланысты, отандық ветеринариялық препараттардың сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін отандықпрепараттарды өндірушілермен, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс арқылы ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауды басым түрде жүзеге асыру ұсынылды.