20.01.2020, 12:11
Жаңалықтар
Назарбаев халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Оған басқа қалалардан шыққан ұшақтардың кешігіп келуі себеп
Фото: ашық дереккөзден
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр. Бұл басқа қалалардан шыққан ұшақтардың кешігіп келуіне байланысты орын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Нұр-Сұлттаннан ұшып шығуы тиіс төрт рейстің уақыты кейінге шегерілген: FlyDubai әуе компаниясының Дубайға, Air Astana - Атырауға, Qazaq Air - Петропавл мен Өскеменге ұшатын ұшақтары.
Сол секілді Нұр-Сұлтанға ұшып келуі тиіс төрт рейс те кешігіп жатыр: Qazaq Air компаниясының үш рейсі: Шымкент, Петропавл және Өскеменнен шығатын ұшақтар, сонымен қатар SCAT-тың Пхукеттен шығуы тиіс ұшағы.
Демалыс күндерден бастап Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында рейстер бойынша кешігу болып жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді