ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Павлодарлық тұрғындардың көлік салығына қарызы жарты миллиард теңгеден асты

Салықтан жалтарған 3 азаматтың автокөлігі айып тұрағына жабылған

Павлодар облысында салық амнистиясы жарияланғалы бері жеке тұлғалардың көлік құралдары үшін төлеген салық түсімдері 2 млрд теңгеге жуықтаған. Мемлекеттің қамқорлығын барлығы 11 мыңнан астам тұрғын пайдаланды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде соңғы үш жыл ішінде көлік салығын төлемеушілерідң саны айтарлықтай азайғанын атап өтті. Бұл, ең алдымен, өсімпұлдар мен айыппұлдарды жоюға рұқсат беретін салық заңнамасынадғы өзгерістерге байланысты болып отыр.

«Қазіргі таңда көлігіне салық төлемеген павлодарлықтардың саны 19 мыңды құрайды. Олардың жалпы қарызы 589 млн теңге», - дейді облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Индира Әбілева.

Мемлекеттік кірістер департаменті төленбеген салықты өндіру мақсатында жалпы сомасы 527 миллион теңгені құрайтын 130 мың салық бұйрығын шығарған. Құжаттарды жеке сот орындаушыларына бермей тұрып, 4 мың салық төлеуші қарыздарын жауып үлгерген. Сот орындаушыларына берілген 9 мың бұйрық бойынша 85,6 миллион теңге ғана өндірілген.