$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда банктің стажер-кеңесшісі клиенттердің шотынан ақша шешіп алған

Алаяқтық әрекет жасағаны үшін 22 жастағы жас қыз ұсталды

Алматыда банктің стажер-кеңесшісі клиенттердің шотынан ақша шешіп алған
Фото ашық дереккөзден

Алматыда банктің стажер-кеңесшісі клиенттердің шотынан ақша шешіп алған. Бұл туралы  Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, алаяқтық әрекет жасағаны үшін 22 жастағы И.есімді жас қыз ұсталды. Ол екінші деңгейлі банктердің бірінің клиенттерін алдаған.

«Күдіктінің қылмыстық ниетпен банкке стажер- кеңесші болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Оның функционалдық міндетіне клиенттердің смартфондарына мобильді қосымшаны орнатуға және олардың банк карталарын ресурсқа қосуға көмектесу кіреді. Бойжеткен кейбір клиенттің камерасы бейне тексеруді қолдамайтынын алға тартып, оларға өз смартфоны арқылы жеке кабинеттер ашқан. Сол арқылы пайдаланушылардың жеке деректерін скриншоттап алған. Содан кейін ол клиенттердің жеке деректері мен құпия сөзін пайдаланып, қосымшаға кіріп, олардың шоттарынан ақша шешіп алған. Көбіне ақшаны үшінші адамдардың картасына аударған», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабында (Алаяқтық) көзделген қылмыс бойынша қылмыстық іс тергелуде. Оның басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


 

 

Серіктес жаңалықтары