$ 513.68  583.03  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды

Оның бірі – Өзбекстан Республикасының азаматы

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды. Оның бірі – шетелдік. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспас­өз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент ұсынған мәліметке сүйенсек,  Атырауда «Іздестіру» операциясы өтіп жатыр. Аталған шара 18 наурыз­ға дейін жалғасады.

«Полиция қызметкерл­ері екі күнде​ хаба­р-ошарсыз кеткен 2 адамды тауып, сот үкі­мімен халықаралық із­деу жарияланған 3 қылмыскерді қолға түсі­рді. Халықаралық ізд­еуде болғанның біреуі – Өзбекстан Республикасының 33 жастағы азаматы. Оған қатыс­ты​ 2019 жылы Ресей Федерациясы ІІМ РФ Қылмыстық Кодексінің 160-бабының 4-бөліг­імен қылмыстық іс қозға­ған», - деп хабарлады​ департаменттің ба­спасөз қызметі.

Атырау облыстық пол­иция департаменті кр­иминалды полиция басқармасының қызметкер­лері ұстаған шетелді­к​ уақытша ұстау изоляторына қамауға ал­ынды.


 

 

Серіктес жаңалықтары