Елімізде жыл сайын 50 мыңнан астам жыртқыш құс электр тоғына түсіп өледі
Мамандар табиғи тепе-теңдік бұзылып жатыр деп дабыл қағуда
Елімізде жыл сайын 50 мыңнан астам жыртқыш құс электр тоғына түсіп өледі. Олардың жартысынан көбі Қызыл кітапқа енген. Мамандар бұл алаңдатарлық жағдай деп отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды.
Жыртқыш құстар үшін жазық жерде ұшу қауіпті. Себебі, ол қонақтайтын төбе жоқ. Сондықтан, электр желілеріне қонып, тоққа түсетін көрінеді. Мамандардың статистикасы бойынша, әр он шақырым сайын үш құс өледі. Қатары сиреп бара жатқан құстарды қорғаудың жолын мамандар әзірге таба алар емес.
Еркін ұшып жүретіндер болады, олар қолға үйретілмейді. Биік төбе таппағандары электр желілеріне қонады. Тоқ ұрып, сеспей қатады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, елімізде жыл сайын Қызыл кітапқа енген 9 мыңға жуық құс өледі.
«Бұл орайда өзге елдерден үлгі алу керек. Мәселен, АҚШ, Еуропа елдерінде жыртқыш құстарды қорғау туралы арнайы конвенция бар. Олар құстар көп қонақтайтын өңірлердегі электр желілерін изолятормен жабдықтаған. Ал Қазақстанда осы мәселеге арнайы көңіл бөліп, зерттеу жүргізілмейді», - деді Орнитология және герпетология зертханасының меңгерушісі Алмат Абаев.
Табиғатта баланс бар ғой, әр жануардың өзінің атқаратын орны бар. Ол жануар азайса, басқа жануарларға, басқа өсімдіктерге әсері тиеді, әрине. Бірақ біз бұған кедергі бола алмаймыз ғой. Мамандар табиғи тепе-теңдік бұзылып жатыр деп дабыл қағуда. Қанаттылардың мүлдем жойылып кету қауіп бар. Сондықтан мәселе тезірек шешілуі керек дейді.