06.03.2022, 00:51
Жаңалықтар
Қарағандыда дүкеннен барлық өнімді ұрлап кеткен ұры ұсталды
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде
Фото ашық дереккөзден
Қарағандыда дүкеннен барлық өнімді ұрлап кеткен ұры ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қаңтарда Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші кәсіпкерлікпен айналысатынын, дүкені барын айтты. Белгісіз біреу дүкенге кіріп, ондағы тағамның барлығын дерлік ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады. 1 наурызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақ алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
