Түркияның Ресейге қарсы санкция енгізетін жоспары жоқ – Түркия президентінің өкілі
Анкара бұл қақтығыста ешбір тараптың жағына өтуді қаламайды
Түркияның Ресейге қарсы санкциялар салу туралы жоспары жоқ және Анкара Украина қақтығысында бір тарапты қолдауға ниетті емес. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның өкілі Ибрагим Калын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Қазіргі уақытта бізде санкциялар енгізу туралы жоспар жоқ ( ... ) ең алдымен, әрине, біз осы соғыста бір жақтың ғана позициясын қолдауды қуаттамаймыз. Біз, әрине, экономикамыздың одан зардап шеккенін қаламаймыз", - деді ол.
Бұған дейін Калын Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысының мүмкін болатын келіссөздерінің күнін айтқан болатын. Оның айтуынша, саясаткерлердің телефон арқылы сөйлесуі 6 наурызға жоспарланған. Президент өкілі әскери операцияны дереу тоқтату керектігін айтты және Украинадағы қақтығысқа қатысушы тараптарды келіссөздер үстеліне отыруға шақырды.