$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аяғы бірнеше жерден сынған»: Алматыда жасөспірімді мопед қағып кетті

Жасөспірім жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді

«Аяғы бірнеше жерден сынған»: Алматыда жасөспірімді мопед қағып кетті
Фото ашық дереккөзден

Алматыда бір жасөспірімді мопед қағып кетті. Оқиға Байтұрсынов көшесіне жетпей, Шевченко көшесінің бойында орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Шевченко көшесінде кептеліс пайда болды. Батыс бағыттан келе жатқан мопед жүргізушісі кептелісті айналып өтпек ниетте велосипедке арналған жолаққа шықпақшы болып бұрылады. Осы кезде күтпеген жерден көп көліктің арасынан екі жасөспірім жүгіріп шығады.

Жүргізуші олардан қашып, рөлді бұрмақ болады, бірақ бағытын өзгертіп үлгермей 2008 жылғы жасөсіпірімді қағып кетті. Жүргізуші де мопедімен бірге құлады.

Аяғы бірнеше жерден сынған, тістері де саудыраған жасөспірім жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушінің денесі сырылып, көгерген.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары