$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында тұрғындар кен орнын игеруге қарсылық білдірді

Өйткені карьерлерден қоршаған ортаға келер зиян көп

Түркістан облысында тұрғындар кен орнын игеруге қарсылық білдірді
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғындары кен орнын игеруге қарсылық білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Хабар 24 арнасына сілтеме жасай отырып.

Өйткені карьерлерден қоршаған ортаға келер зиян көп. Қазірдің өзінде жер асты су көздерінің деңгейі түсіп кеткен және оны ішу мүмкін емес, дейді ауыл азаматтары. Жер қойнауын пайдаланушылар топырақты тым терең қазады. Ал жер асты су көздерінің деңгейі түсіп кетсе аймақта қуаңшылық болуы мүмкін. Өйткені, карьерлердің саны тым көбейіп кетті дейді тұрғындар.

«Карьерлардың зардабын қара халық көріп отыр. Жер асты суларымыз төмендеп кетті. 18 метрсіз шықпайды. Оның өзін ішуге қорқамыз. Себебі, мына зауыттар 11 метр биіктікте тұр. Біз 11 метр төменде тұрмыз. Мына жерде өлекселер жиналып, машина жуғандары да біздің елге барып жатыр», - дейді Шорнақ ауылының тұрғыны Бердібек Әнетбеков.

Тұрғындар ауыз су сапасына да алаңдаулы. Қазірдің өзінде түсі сарғайып кеткен лай суды тұтыну мүмкін емес. Ал карьерлердің жұмысын ешкім қадағалап жатқан жоқ.

 Тұрғындар қалыптасқан жағдайға байланысты экология департаменті мен прокуратураға шағымданған. Бірақ еш нәтиже жоқ.

«Біз зерттеу жұмыстарын жасаймыз. Қазір мемлекеттік актісін тексерудеміз. Сәйкес болмаса жабылады. Бұл туралы біз білеміз. Барлық карьерды аралап шыққанбыз. Егер заңдық құжаттары сәйкес келсе әрі қарай жұмыс істей береді», - деді Сауран аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Болысбек Шәріпбеков.

Жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға салынатын айыппұл көлемі қомақты. Егер қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшері аса ірі көлемде болса қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Дегенмен жыл сайын аймақта дәл осындай ондаған заңсыз дерек тіркеледі. Оңай пайдаға құныққандарды тоқтатар күш табылмай отыр.

 

Серіктес жаңалықтары