05.03.2022, 22:21
Жаңалықтар
Алматыда кафеден өрт шықты
Өртті сөндіруге жылуға ден қойғыш құралдың көмегі тиді
zakon.kz
Алматыдағы Төле би көшесінде орналасқан кафеден өрт шықты. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға бүгін кешкі уақытта Төле би және Аносов көшелерінің қиылысында болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видеолар тарады.
Қалалық ТЖД мәліметінше, ведомство қызметкерлері мен арнайы техника өрт шыққан аймаққа жіберілген.
"Кафенің шатыры өртеніп жатыр. Өрт сөндіруге арналған автоцистерналары өрт гидранттарына орнатылды. Өрт іштен шыққандықтан шатыр алынып жатыр. Өртті сөндіруге жылуға ден қойғыш құралдың көмегі тиді. Құралдың арқасында өрт шыққан жасырын аймақ табылды", - деді ТЖД өкілдері.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
