$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

553 қазақстандық Украинадан шығарылды

Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда

553 қазақстандық Украинадан шығарылды
Фото ашық дереккөзден

ҚР азаматтарын Украинадан эвакуациялау басталғаннан бері Қазақстанның шет елдердегі мекемелері 553 азаматтың шығуына көмек көрсетті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Оның 526-сы Польшаға, 21-і Молдоваға жеткізілді.

Ал Молдовадан Румынияға 9 адам шықты, оның ішінде 7 адам Қазақстанға ұшып кетті, 2 азамат Бухаресттегі ҚР Елшілігімен қонақ үйге орналастырылды;

- Мажарстанға – 5 адам;

 - Словакияға – 1 адам.

 Бүгінгі таңда «Air Astana» әуе компаниясының үш эвакуациялық ұшақтарымен Қазақстанға 432 адам қайтарылды.

Қазір төртінші эвакуациялық ұшақты жіберу бойынша жұмыс жүргізілуде. Рейс Катовице қаласында (Польша) азаматтардың қажетті санының жиналуына қарай жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Катовице қаласында 30 ҚР азаматы бар, Украина-Польша шекарасында 30 жолаушысы бар тағы 1 автобус өз кезегін күтуде. Львовтағы ҚР Құрметті консулдықтың жанындағы эвакуациялық жинау нүктесінде 9 адам, Киевтегі ҚР Елшілігінде – 10 адам, Харьковта – 7 адам бар. Киевтегі ҚР Елшілігі штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.


 

 

Серіктес жаңалықтары