$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада 100-ге жуық отбасы қақаған қыста далада қалмақ

Себебі тұрғындар бірнеше жыл бойы жалға алып келген жатақхана сатылып кеткен

Елордада 100-ге жуық отбасы қақаған қыста далада қалмақ
Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда 100-ге жуық отбасы жағдайларын айтып көмек сұрайды. Өйткені тұрғындар бірнеше жыл бойы жалға алып келген жатақхана сатылып кеткен екен. Енді аязды күні шиеттей балаларымен бірге қарттарын сүйреп қайда баратындарын білмей отыр. Бұл туралы 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Үйді босатыңдар" дегенді бірер күн бұрын ғана естіген тұрғындар тығырыққа тірелгендерін айтады. Оған дейін жатақхананың сатылымда тұрғанын білмеген.  Ұзақ уақыт тұрып келген олар, балаларын жақын маңдағы мектептерге орналастырып, осы маңдағы балабақшадағы көптен күткен кезектері де жақындаған. Енді қыс ортасында бала-шағамызды қайда апарамыз деп ашынады.

«Баратын жер болса, осындай жерде тұрамыз ба? Бірде жылытады, бірде жылытпайды. Суы тастай», - дейді жатақхана тұрғындар.

Аядай бір бөлмені 75 мың теңгеге жалдап отырған тұрғындар "үй иесі енді күшпен кетіруге көшті" дейді. Ыстық суды тоқтатып, жылуды сөндіріп тастайды екен.

Бұл тек техникалық ақауларға байланысты болған жайсыздықтар деген жатақхана әкімшісі нысан жекеменшіктен мемлекет құзырына өткенін айтты.

Алайда, 3-4 баламен пәтер таппай сандалған жұрт, әкімшілік есігін қағып барғанда, "біз ештеңе шеше алмаймыз" деп қайтарыпты. Ал, бүгінгі шудың ортасына аудан әкімінің өкілі шақыртпастан өзі келді.

 «Толықтай ақпаратты жатақхана иесінен білмейінше, оның шешімі қандай болатынын айта алмаймын. Бірақ осында тұрған халықтарға жақын арадағы жатақханалармен сөйлесіп, ешқайсысын көшеде қалдырмау ол біздің мұратымыз», - деді Алматы ауданы әкімшілігінің бас инспекторы Нұрман Абдраимов.

 Наразы жұрттың ендігі жатақхана иесінен бар сұрайтындары балалардың сабағы аяқталғанша, аяз қайтып, күн жылынғанша уақыт беру.

Серіктес жаңалықтары